$ 494.87  520.65  4.91

Ерлердің де жүкті болатынын білесіз бе?

H. Trethowan мен M. A. Conlon ұсынған деректер бойынша бұл симптомдар жиынтығын еркектердің 11%-ы бастан өткереді екен.
Фото: Версия Инфо
Фото: Версия Инфо

Кувад синдромы немесе симпатикалық жүктілік - екіқабат әйелге жақын адамның (көп жағдайда күйеуі) бастан кешетін психотектік бұзылыстары.

Couvade термині француздың couver деген етістігінен шыққан. Тура аударатын болса, ол «жұмыртқа басу» деген мағына береді.

Бұл синдром екіқабат әйелдің күйеуінде жүктіліктің үшінші айында басталып, сәби дүниеге келгенге дейін жалғасуы ықтимал. Оның белгілері жүктілік белгілеріне қатты ұқсас. Кувад синдромы кезінде адамның тәбеті төмендеп, кейде мүлде жоғалып немесе қатты ашылуы мүмкін. Одан бөлек, науқастың іші қатып әлде өтіп, белі ауырып, жүрегі айнуы да ықтимал.

H. Trethowan мен M. A. Conlon ұсынған деректер бойынша бұл симптомдар жиынтығын еркектердің 11%-ы бастан өткереді екен. Десе де ғалымдар әлі күнге дейін «Алдамшы жүктіліктің» пайда болуының нақты себептерін анықтай алмапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары