$ 494.87  520.65  4.91

Жіңішке ішекті зерттейтін бейнекапсулалық эндоскопия енді Қазақстанда бар

Зерттеудің ерекшелігі осындай инвазивті емес әдістің арқасында жіңішке ішекті барлық жағынан қарауға мүмкіндік береді.
Фото: LiveMD - Современные медицинские технологии
Фото: LiveMD - Современные медицинские технологии

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында жіңішке ішекті зерттеудің ерекше түрі – бейнекапсулалық эндоскопияны жасайды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

2014 жылдан бастап Қазақстанда Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ эндоскопия және интервенциялық гастроэнтерология бөлімшесінде жіңішке ішекті зерттеудің ерекше түрі – бейнекапсулалық эндоскопияны жасайды. Бейнекапсулалық эндоскопия – бұл асқазан-ішек жолдары ағзаларын, жіңішке ішектің үш бөлігін: ұлтабар, ашішек және мықынішекке гастро және колоноскопия жасап зерттеудің дәстүрлі әдісі үшін қол жеткізбейтін ішек маңайын көруге мүмкіндік беретін заманауи әдіс. Осы әдіс өзінің атауын көлемі бойынша дәрілік препараттың капсуласына ұқсас бейнекамерасы бар микрокапсуладан алды. Қондырғының диаметрі шамамен 11-13 мм, ұзындығы 24-26 мм. Бейнекапсуланы көбіне жіңішке ішекті зерттеген кезде қолданады.

Зерттеудің ерекшелігі осындай инвазивті емес әдістің арқасында жіңішке ішекті барлық жағынан қарауға мүмкіндік береді, бұл ретте адам ағзасына ешқандай зиянды және жағымсыз әсер келмейді, седативті заттарды қолдану талап етілмейді және процедура ауыртпай жасалады. Сонымен қатар, капсула бір реттік болып табылады, бұл пациенттің инфекция жұқтыруына мүкіндік бермейді. Зерттеуді амбулаторлық жағдайда да, стационар жағдайында да жасауға болады.

Бұл қалай жасалады? Зерттеу жасалатын күні пациент (дәрігермен келісілген барлық қажетті процедуралар мен зерттеулерді өткеннен кейін) әдеттегі таблетканы жұтқандай бейнекапсуланы жұтады.

Табиғи жиырылуының арқасында капсула асқазан-ішек жолдарының барлық бөліктерін өтеді де, өздігінен ағзадан шығып кетеді. Ол асқорыту жолдары арқылы өткенде пациенттің беліндегі қабылдау қондырғысына сымсыз арна бойынша суретке түсіреді де, осыдан кейін арнайы диагностикалық бағдарламаның көмегімен бейнекөрініске айналады және оған алгоритмдердің көмегімен талдау жасалады. 12 сағаттан кейін қондырғы клиникаға қайтарылады, ал дәрігер алынған мәліметтерге талдау жүргізеді.

Зерттеудің осындай әдісі ішектен қан кету кезінде (ұзақ уақыт болатын теміртапшылықты анемия, жасырын қанға жасалатын нәжістің оң анализі), Крон ауруына немесе осы ауруға күдік пайда болғанда, жіңішке ішектегі сорылудың мүмкіншілігі болмауы салдарынан (целиакия) қалыпты метаболикалық процестердің бұзылуымен негізделген мальабсорбция синдромына күдік туындағанда, жіңішке ішек ісігі кезінде, ішек полиптерінде, іштегі түсініксіз ауырулар және түсініксіз этиологияда салмақтың жылдам түсуі кезінде көрсетілген.

«Пациенттердің көбі бейнекапсулалық эндоскопия гастроскопия мен колоноскопияны алмастыра алады ма деп сұрайды. Осыған байланысты, бейнекапсула асқазан-ішек жолдарының барлық бөлімдерінен өтеді, ол анатомиялық құрылымының ерекшелігінен тек жіңішке ішекті мейлінше мұқият зерттейді деп айта кеткім келеді» - дейді Эндоскопия және интервенциялық гастроэнтерология бөлімшесінің меңгерушісі Алма Хабижанова.

Алмы Серікқызының айтуынша, асқазан және жуанішек жартылай қаралады. Әрине, маман қандай да бір патологиялық өзгерістерді көре алады, бірақ оны дәлелдеп және бағалау үшін гастроскопия/колоноскопия тағайындалады.

Дүние жүзінде капсулалық эндоскопия жіңішке ішек ауруларын диагностикалаудағы «алтын стандарт» болып табылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары