16.01.2020, 04:45

Аштық өтіп кеткен: «Чипсы» диетасына отырған әйел 32 жасында көз жұмды

фото: 4damki.ru
Бала кезінен бастап чипсы, тауық етінен жасалған наггетстер, крекер және басқа да фастфудпен тамақтанады екен.

Ағылшынның Уинчестер қаласында Шарлотта Брод есімді екі баланың анасы қуырылған қытырлақ картопқа (чипсы) негізделген диетадан көз жұмды, деп хабарлайды baq.kz, Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Ол ешқашан көкөністерді жемей, тез әзірленетін фастфудпен тамақтанған. Чипсы және наггетстермен ауқаттанғанды артық көрген. Бала кезінен бастап чипсы, тауық етінен жасалған наггетстер, крекер және басқа да фастфудпен тамақтанады екен.

Қыздың ата-анасы бұл аурумен күресуге тырысып баққан. Алайда, олардың әрекеттері сәтсіз болды. Тіпті, Брод жүктілік кезінде де тек қуырылған картоп жеп, газдалған су ішкен. Соның салдарынан емханаға барып, дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Бірақ, дәрігерлер оған көмектесе алмады.

2019 жылы мамандарға барып қаралған кезде, олар егер диетасын өзгертпесе, өлетінін айтқан екен. Бродтың денсаулығы күрт төмендеп, жағдайы қиындай түскенде оның сүйіктісі әйелді емделуге көндірген. Алайда, бәрі кеш еді...

Шарлотта Брод үш аптадан кейін 32 жасында толыққанды тамақтанбаудан қайтыс болды.