16.01.2020, 10:20

Адамдар неге темекіге әуес? - маман жауабы

Фото: pixabay.com
Зерттеу барысында адамдардың өз-өзін ұстауы, эмоциялары назарға алынды.

Гарвард ғалымдары темекіге әуестіктің неден пайда болатынын анықтады, деп жазады Eurekalert.org.

Мамандардың айтуынша, темекіге әуестік уайым-қайғыдан пайда болады.

"Жүргізген зерттеулер темекі тәуелділігінен арылғандардың мұң, қайғыдан қайтадан темекі шегіп кеткенін анықтады. Зерттеу барысында адамдардың өз-өзін ұстауы, эмоциялары назарға алынды. Осылайша, көңіл-күйі түсіп, жабырқаған қатысушылардың бірден темекі іздей бастағаны байқалды. Олар тіпті қайғылы видео көрген соң да темекі іздеген. Сондай-ақ, өткен өмірін еске алып, мұңайғандардың да темекіге әуестігі бар екені анықталды", - делінген ғалымдардың зерттеуінде.  

Тегтер: темекі