$ 444.22  476.38  4.82

Түркістан облысында 18 жастағы студент келіншек дүниеге үшем әкелді

Облыстық №1 перинаталды орталықта ай-күніне жетпей туған үш сәбидің жағдайы қазір жақсы.

Түркістан облысында биылғы жылдың алғашқы үшемі дүниеге келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Сарыағаш ауданының тұрғыны, студент Жанар Анарбаева 18 жасында үш баланың анасы атанды.

«Былтыр ғана ақ босаға аттап, келін атанған жас келіншек Адина, Медина, Үсен есімді екі қыз және бір ұл баланы дүниеге әкеліп отыр. Облыстық №1 перинаталды орталықта ай-күніне жетпей туған үш сәбидің жағдайы қазір жақсы» делінген хабарламада.

Жанар перзентхананың қызметкерлеріне алғысын білдіруде. Ауылда әжелері қуанып, асыға күтіп отыр екен.

Жалпы, былтыр Түркістан облысында бес үшем дүниеге келсе, бір жылда туған сәбилер саны 55 мыңнан асқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары