$ 481.84  531.33  5.07

«Бір мезетте бір жылдық көлемдегі бетперде сатылып кеткен» - Елжан Біртанов

Оның айтуынша, бетпердені отандық өндірушілер өндіреді, сондықтан Қазақстанда оны шығаруға барлық мүмкіндік бар.
Фото: gobeauty
Фото: gobeauty

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда медициналық бетперде тапшылығына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Ауа арқылы инфекцияны жұқтырмас үшін профилактикалық шара ретінде бетперде кию қажет. Бүгін бізде ондай қауіп жоқ, бірақ өкінішке қарай, ел жаппай бетперде сатып алуға жүгіріп, салдарынан тапшылық туындауда", - деді Біртанов.

Оның айтуынша, бетпердені отандық өндірушілер өндіреді, сондықтан Қазақстанда оны шығаруға барлық мүмкіндік бар.

"Бірақ қазір олар үлгере алмай жатыр, өйткені бір мезетте бір жылдық көлемдегі бетперде сатылып кеткен. Сондықтан басқа елдерден де оны сатып алу бойынша қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр, сұраныстағы мөлшер толықтай қамтамасыз етіледі. Егер 6 қаңтардан бастап бүгінге дейін біз Қытайдан келгендерге ғана санитарлық бақылауды күшейткен болсақ, онда біз бүгіннен бастап шекараның өзінде күшейтілген бақылау енгізіп, барлық халықаралық бағыттағы өткізу пункттеріндегі жолаушыларды ыстығы бар-жоғын тексеретін боламыз", - деп түсіндірді министр.

Сондай-ақ, министр өз азаматтарын мәжбүрлі түрде әкетсін деген ұсыныстардың болмағанын да жеткізді. Сондықтан коронавирус инфекциясы тіркелген елдерде жүрген азаматтарымыздан сақтық шараларын қолдану сұралады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары