$ 443.85  474.3  4.8

Жыл сайын 1500-ге жуық адам шалдығады: Семейде қатерлі ісік ауруы өршіп тұр

Өңір бойынша жыл сайын бауыр обыры, ұйқы безі, бүйрек және өкпе обыры бар науқастардың 20 пайызы медицинаға аурудың соңғы сатысында жүгінеді.
фото: 24.kz
фото: 24.kz

Семей қалалық Ядролық медицина және онкология орталығында «Обырмен бірлесе күресейік» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінде Шығыс Қазақстан облысы осы сырқатпен ауыратындар және қайтыс болғандар саны бойынша республикада алдыңғы үштікте тұр. Жыл сайын Семей қаласында обырға шалдыққан 1500-ге жуық адам анықталады. 

«Өкінішке қарай, тұрғындар қатерлі ісікті емдету үшін дәрігерлерге тым кеш келіп жатады. Осының салдарынан, емделу пайызының төмен болатыны түсінікті жайт. Өңір бойынша жыл сайын бауыр обыры, ұйқы безі, бүйрек және өкпе обыры бар науқастардың 20 пайызы аурудың соңғы сатысында жүгінеді», – дейді орталық директоры Марат Сандыбаев.

Өткен жылы Ядролық медицина және онкология орталығында облыс әкімі Даниал Ахметовтің қолдауымен іске асқан үш жылдық бағдарлама аяқталды. Нәтижесінде, мұндағы 592 маман оқудан өтті, 278 адам онкоорталық ұйымдастырған шеберлік сағаттарына қатысты. Сондай-ақ, 35 маман Еуропа елдеріндегі медициналық орталықтарда біліктілік арттырды.

«Бүгінде біз сырқатты анықтау мен емдеудің жаңа әдістерін қолданудамыз. Жыл сайын орталықтың материалдық-техникалық базасы жаңара түсуде. Осының арқасында облыстағы 615,5 мың адамға қызмет көрсетіп келеміз», – дейді Марат Сандыбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Семей #обыр