$ 494.87  520.65  4.91

Тері құрғақтығынан қалай сақтануға болады?

Қыста тері құрғауының негізгі себебі – даладағы суық ауа мен ғимарат ішіндегі құрғақ ауа болса, көктемде температуралардың бірден өзгеруі орын алады, ал жазда күннің көзі құрғатады.

Тері құрғақтығы – әр маусымда орын алатын проблема. Қыста тері құрғауының негізгі себебі – даладағы суық ауа мен ғимарат ішіндегі құрғақ ауа болса, көктемде температуралардың бірден өзгеруі орын алады, ал жазда күннің көзі құрғатады. Нәтижесінде, тері ылғалдалығын жоғалтып, қабыршақтанады. Терінің құрғақ болуына ауа райымен қатар, тамақтану да тікелей әсер етеді. Назарларыңызға теріні құрғататын азық-түлікті ұсынамыз.

Тұзды өнімдер

Ағзада натрийдің көп болуы тері құрғақтығының негізгі себебі болуы мүмкін. Егер тұзды өнімдерді көп жесеңіз, тері күңгірт реңкке боялып, қабыршақтана бастайды. Ал қабыршақтану түрлі тері зақымдарына әкеледі. Оның үстіне құрғақ теріні уақытында ылғалдандырмаса, ол қышып, мазаңызды алады. Тұздың көп мөлшері ағзадағы суды бөгейді, сондықтан ол кейде ісінуге әкелетінін ескеріңіз.

Жылдам көмірсулар мен тазартылған қант

Ақ нан, қант қосылған пісірмелер, кәмпит, шоколад және тәтті сусындар теріні құрғатады. Қант тері тегістігі мен иілгіштігіне жауап беретін коллагеннің бөлінуіне кедергі келтіреді. Соның салдарынан тері қабыршақтанады және ұсақ әжімдер ерте пайда болады.

Алкоголь

Терінің құрғақ болуының тағы бір себебі – алкогольді сусындар. Алкогольді сусындардан мүлдем бас тартқан жөн.

Не істеу керек?

Алдымен жоғарыда айтылған өнімдерді рационнан алып тастаңыз. Дәрігерлер 1 кг салмаққа 30 мл сұйықтық, яғни орташа есеппен күніне 2-2,5 л су ішуге кеңес береді. Бұл тек таза су мөлшері, оған кофе, шай және шырындар кірмейді. Сонымен қатар рационыңызда міндетті түрде құрамында Е дәрумені мен омега-3 майлы қышқылдары бар азық-түлік болуы керек. Бұл азық-түліктер тері сұлулығына жауап береді.

Дереккөз: Massaget.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#денсаулық