$ 443.85  474.3  4.8

Коронавирустан қаза тапқандардың саны бойынша Иран екінші орында тұр

Мұнда індетке шалдығудың 40-тан астам дерегі расталған. Тағы 750 адам жұқтыруы мүмкін деген күдік бар.

Иранда коронавирустан көз жұмғандар саны 8 адамға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Иран қаза тапқандар саны бойынша ауру ошағы Қытайдан кейін екінші орында тұр. Мұнда індетке шалдығудың 40-тан астам дерегі расталған. Тағы 750 адам жұқтыруы мүмкін деген күдік бар.

Жағдайдың ушығуына байланысты кейбір өңірлерде мектептер уақытша жабық тұр. Ал бүкіл ел бойынша 28 ақпанға дейін мәдени шараларды өткізуге тыйым салынды.

Жалпы, Иранда КОВИД-19 вирусын жұқтырудың алғашқы деректері жайлы ақпарат 19 ақпанда ғана пайда болған еді. Сақтық шарасы ретінде Түркия мен Ауғанстан арадағы шекараны жапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары