Қаны ІІ топтағы адамдардың қатерлі ісік ауруына жиі шалдығатыны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, РЕН.ТВ-ға сілтеме жасап.
Мұны 25 жыл бойы қан топтарын зерттеген Швеция ғалымдары анықтап отыр. Олар зерттеу барысында мыңдаған адамның қанына талдау жасап, сараптама жұмыстарын жүргізген.
Дереккөзіне иек артсақ, зерттеу нәтижесінде ІІ қан тобындағы адамдардың қатерлі ісікке жиі шалдығатыны анықталып, ал І қан тобындағы адамдарға жиі тексеріліп, дерттің алдын алу екендігі дәлелденіпті.
Қан құрамын толық зерттеген сарапшылар мұнан бөлек, шылым шегіп, ішімдік ішкен адамдардың да қай қан тобына жататынына қарамастан қатерлі ісікке жиі шалдығатынын ескертті.