$ 514.65  544.6  5.17

«Әйелдер ерлермен бірге бассейнде шомылғаннан жүкті болады» - шенеунік әйел

"Мемлекеттік қызметкер дәрежесіне нұқсан келтірді" деп оған қарсы наразылық шараларын бастап кетіпті.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Индонезиялық Ситти Хикмаватти есімді шенеунік "ер адаммен бірге хауызда шомылғаннан әйелдер жүкті болады" деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әйел балаларды қорғау комиссиясы мүшесінің сөзінше, кейбір ер азаматтардың үрық жасушаларының мықтылығы сонша, бірнеше сағат бойы суда жүзіп жүріп, ең ақыры әйелді жүкті ететін қасиетке ие көрінеді. 

Сарапшылар оның бұл мәлімдесін жоққа шығарды. Олар хауызда хлордың болуы сперматозоид жасушаларын өлтіріп жіберетіндігін алға тартты. Шенеунік әйел айтқан сөзінен кейін сынның астында қалды. Кейбіреулер оған лауазымын босатуды талап еткен. Дегенмен, Ситтидің өзі "айтқандарым менің жеке ойым, оның менің жұмысыма түк те қатысы жоқ" деп ақталыпты. 

Көптеген желі қолданушылары Ситтидің "мемлекеттік қызметкер дәрежесіне нұқсан келтірді" деп оған қарсы наразылық шараларын бастап кетіпті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары