Ирандық депутат коронавирус жұқтырғанын әлеуметтік желі арқылы көпшілікке жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Фото: Stan.kz
57 жастағы депутат Махмуд Садеки коронавирус жұқтырғанын Twitter-дегі парақшасында жазды.
"Коронавирусқа жасаған сараптама оң нәтиже көрсетті. Мен мұны енді ұзақ өмір сүремін деген үміт болмағандықтан айтып отырмын, - деп жазды ирандық саясаткер.
Сондай-ақ, ол коронавируспен күресуге әзір екенін жеткізген. Ол бірнеше күн бұрын өзін нашар сезініп жүргенін айтқан болатын. Ал бұған дейін Денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі Али Реза Вахабзадзе Иран денсаулық сақтау министрлігі басшысының орынбасары Ирадж Харирчидің коронавирус жұқтырғанын айтқан еді.