$ 494.87  520.65  4.91

«Бұл – ақымақ адамдардың ісі»: Досқалиев коронавирусқа қатысты «кеңесін» жоққа шығарды

«Мәселенің ақ-қарасын құқық қорғау органының өкілдері анықтайтын болар. Ондай адамдар жауапқа тартылуы керек», - деді ол.
фото: zakon.kz
фото: zakon.kz

WhatsApp желісі арқылы коронавирустан сақтанудың шаралары туралы «Жақсылық Досқалиев айтыпты-мыс» деген хабарлама тараған еді. Онда қауіпті вирустан сақтанудың алғышарты ретінде ашқарынға сарымсақ жұту, қайнаған су ішу қажеттігі айтылған. Мәселенің анық-қанығын білу үшін Жақсылық Досқалиевке қоңырау шалдық, деп жазады «Айқын» газеті.

«Мұндай хабарламаны кім таратқанын білмеймін. Бұл ақымақ адамдардың ісі деп қабылдаймын. Мұндай хабарламаны кімнің не үшін жасап отырғаны белгісіз. Әлде, елді адастыру үшін істеп отыр ма, ол жағы да белгісіз.

Мәселенің ақ-қарасын құқық қорғау органының өкілдері анықтайтын болар. Ондай адамдар жауапқа тартылуы керек. Мұндай хабарламаға менің қатысым болуы да мүмкін емес. Коронавирус – өте қауіпті инфекция. Бұл вирус бүкіл әлемге тарап кетті деп айтуға болады. Одан 3 мыңға жуық адам қайтыс болды деп жатыр. Бұл адамзатқа төнген қатер деп қабылдау қажет.

Сондықтан уатсап, мессенджер арқылы тарап жатқан «ақпараттың» бәріне сенуге болмайды. Күнбе-күн бас дәрігер Жандарбек Бекшин нақты ақпараттар беріп жатыр. Қай елге бару керек, қай елге бармау керек екенін де айтуда. Бұл – бір.

Денсаулық сақтау саласы күнде 24 сағат демалыссыз жұмыс істеп, елге осы індетті кіргізбеу үшін жанталасып жатыр. Барлығымыз бірдей жұмылып, осы індетке қарсы тұруымыз керек. Бұл біздің қолымыздан келеді», - деді Жақсылық Досқалиевтің өзі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары