$ 494.87  520.65  4.91

Атыраудағы емдеу орталығында бір кісілік кереуетке екі науқас жатады

Аурухана қызметкерлерінің айтуынша, науқастар бос кереует болса да, біреуіне «мінгесіп» жатқанды жөн көреді-міс.
фото: azh.kz
фото: azh.kz

Атырау қаласындағы Психикалық денсаулық орталығында бір адамдық кереуетте екі адам ұйықтайды екен. Оған кереуеттің ескілігі себеп, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, depti.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жағдайды қаладағы бірнеше емханалар мен амбулаторияларды бақылау кезінде «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері анықтаған. Ал аурухана қызметкерлерінің айтуынша, науқастар бос кереует болса да, біреуіне «мінгесіп» жатқанды жөн көреді-міс.

«Аталмыш аурухананың ғимараты ескі. Сондай-ақ, асхана қызметкерлері гигиеналық тәртіпті сақтамаған», - дейді жобалық кеңсе мамандары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары