Sputnik радиосына сұхбат берген аллерголог-иммунолог Алексей Бессмертный тұмау маусымы кезінде қолды жиі жуу қажеттілік екенін жеткізді. Алайда арнайы гигиеналық құралды тым жиі қолданудың кері әсері болуы мүмкін.
"Жуынуға арналған құралдарды күніне алты-сегіз реттен артық қолдану зиян. Өйткені бұл ағзаны инфекциялардан қорғайтын тері қабатын жояды. Бұған қоса, тері бұзылады", – деді Бессмертный.
Мамандар антисептикалық гель мен спрейдің айтарлықтай пайдасы жоқ екенін айтып отыр.
Дәрігер америкалық педиатрия академиясының зерттеуін мысалға келтірді. Зерттеу қорытындысына сәйкес, антисептиктер дымқыл майлық сияқты қолдың кірін кетірмей, керісінше, езіп қояды.
Қол таза болуы үшін дәрігерлер сабынды күніне сегіз реттен артық қолданбауға кеңес берді. Сондай-ақ, сабын қолданғаннан гөрі таза сумен шайған жөн. Бұл терінің қорғаныс қабатын сақтауға мүмкіндік береді.