16.03.2020, 06:50

Коронавирус: Біртанов желіде жалған ақпарат көп тарап жатқанын ескертті

фото: Almaty.tv
«Ресми ақпаратты министрліктің ресми сайтынан біле аласыздар және министрлік міндетті түрде елдегі жағдай туралы онлайн режимде хабардар етіп отырады», - деді ол.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов тұрғындардан жалған ақпараттарға сенбей, сабыр сақтауды сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сонымен қатар, министр жеке гигиенадан бөлек, үйдегі және жұмыс орнындағы сақтық шараларын күшейтуге кеңес берді.

«Қазір әлеуметтік желілерде жалған ақпарат тарап жатыр. Ресми ақпаратты министрліктің ресми сайтынан біле аласыздар және министрлік міндетті түрде елдегі жағдай туралы онлайн режимде хабардар етіп отырады. Кез келген сұрақ бойынша кол-орталыққа хабарласуға болады», – деді Елжан Біртанов тікелей эфирде.

Сондай-ақ, ол азаматтардан дүрбелеңге салынбауды сұрап, эпидемиологиялық жағдайдың алдын алу шаралары жүріп жатқанын атап өтті.