Қазақстандағы коронавирусқа қатысты 24 наурыздағы 23:20 сағаттағы жағдай бойынша жалпы 72 науқас тіркелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сонымен, бүгіндікке коронавирус індетін жұқтырған жалпы 3 адам тіркеліп отыр. Бұған дейін бір тұрғын Шымкент қаласынан анықталған еді.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласынан – 36, Алматы қаласынан – 29, Қарағанды қаласынан – 2, Алматы облысынан – 1, Ақтөбе облысынан – 1, Шымкент қаласынан – 1, Жамбыл облысынан – 1, Солтүстік Қазақстан облысынан 1 адам тізімде тұр.