25.03.2020, 02:40

Коронавирус жұқтырған жігіт Шымкентке Нұр-Сұлтаннан автобуспен барған

фото: tengrinews.kz
Науқастың жағдайы қанағаттанарлық және онымен байланыста болғандар да оқшауландырылған.

Еске сала кетсек, Шымкентте COVID-19 диагнозымен алғашқы жағдай тіркелген еді. Сол 24 жастағы жігіттің 20 наурызда Нұр-Сұлтаннан Шымкентке автобуспен барғаны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Науқастың жағдайы қанағаттанарлық және онымен байланыста болғандар да оқшауландырылған. Бұл туралы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жетекшісі Әбдіманап Төлебаев Шымкенттегі шұғыл брифингте хабарлады.

Сонымен қатар, ол ешқандай дүрбелең туғызудың қажеті жоқ екенін айтты.