26.03.2020, 20:40

Елордадағы коронавирус жұқтырған 4 науқастың жағдайы ауыр

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған 61 науқастың ішінде 4 адамның жағдайы тұрақты ауыр деңгейде. Олардан пневмония, тыныс алудың жетіспеушілігі анықталды.

Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова онлайн брифингте мәлімдеді.

Тағы оқи отырыңыз: Алматыда 64 жастағы науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр

Науқастарға коронавирусты емдеу протоколына сәйкес ем жүргізілуде. Басқа науқастардың денсаулығы қанағаттанарлық деңгейде, олардан дене қызуы байқалмайды.