Қазақстанда коронавирус инфекциясынан бір әйел қайтыс болды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Өкінішке қарай, бүгін коронавирустан науқас бір әйел қайтыс болды. Бұл – орны толмас ауыр қаза. Марқұмның жақындарына көңіл айтамыз», - деді Дәурен Абаев, «Хабар 24» арнасында онлайн режімде өткен баспасөз мәслихатында.