"Аллаға сансыз шүкір!"
Әнші наркенже Серікбаева желіде сүйінші жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі Астана қаласынан пәтер алып, қоныс тойын жасаған.
"Астанадан баспана алдым!
Әуелі Алла, сосын тілеулес қазағымның арқасында Астанадан үй алдым. Қандай жетістікке жетсем де марқұм анамның дұғасы, елдің тілеуі деп білем. Толассыз кеп жатқан Құттықтау хаттарыңызға рахмет! Бәріңізге осындай қуаныш нәсіп болсын! Шымкенттен келіп менің қуанышымды бөліскен ағаларыма, әпкелеріме, достарыма, інілеріме, сіңлілеріме алғысымды білдіремін! Жаныма жақсы адамдарды жіберген Жаратқаныма шүкір!
Бір кездері арман болған дүниелерге бұл күндері қол жеткізудемін! Аллаға сансыз шүкір! Аман болыңыздар қара орман қазағым", - деп жазды ол.
Оқырмандар әншіні құттықтап, тілектерін жаудырды.