Денсаулық 27.03.2020 сағат 00:30

Коронавирустан қайтыс болған әйел – елорда іргесіндегі Қосшы ауылының тұрғыны

«64 жастағы әйелдің коронавирустан қайтыс болуы бұл індеттің аса қауіпті әрі карантинді сақтау өте маңызды екенін көрсетеді», - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Коронавирустан қайтыс болған әйел – елорда іргесіндегі Қосшы ауылының тұрғыны
фото: tengrinews.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев twitter парақшасына коронавирустан қайтыс болған әйел туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«64 жастағы әйелдің коронавирустан қайтыс болуы бұл індеттің аса қауіпті әрі карантинді сақтау өте маңызды екенін көрсетеді. Туған-туыстарына көңіл айтамын. Елорда мен Алматыда карантин шараларын күшейтіп, Шымкентте шектеулер енгізу жөнінде шешім қабылданды» деп жазды Президент.

Ол биліктің осындай қажетті шара қолдануға мәжбүр болып отырғанын жеткізді. «Эпидемияны бәріміз бірге жеңеміз. Одан сабақ алып, тиісті қорытынды жасаймыз», - деп отыр.

Ал Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі індеттен көз жұмған әйел Ақмола облысының тұрғыны екенін хабарлады.

«Бүгін қарқынды емге қарамастан, Ақмола облысының 64 жастағы тұрғыны ауруханада қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрлігі науқастың туған-туыстарына көңіл айтады. Себеп – жаппай екіжақты пневмония, тыныс алу жетіспеушілігі, қант диабеті, гипертониялық ауру және атеросклероз аясындағы сепсис. Пневмонияның себебі – коронавирус.

Ақмола облысында тұрады деп жазылған бұл пациент Нұр-Сұлтан қаласында облыстық көпсалалы ауруханада жатты. Оқиға географиялық жағынан алғанда Нұр-Сұлтан қаласында болғандықтан, тіркеу де осы жерде жүргізілді», - делінген хабарламада.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықбаев болса, марқұмның елордадағы карантиндік аймаққа жататын Қосшы ауылындағы жер үйде тұрғанын нақтылады. Айтуынша, ол ауруханаға 25 наурызда таңертең жеткізілген. Содан бір тәулік жатып, 26 наурыз күні таңғы 8-де көз жұмған.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар