Батыс Қазақстан облысында екі адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, жергілікті бас санитардың мәлімдемесін негізге ала отырып.
Облыстың бас санитары Мұхамғали Арыспаевтың айтуынша, екі науқас та ауруды өз өңірінен тыс жерде жұқтырған. Атап айтқанда, 53 жастағы бір әйел 16-21 наурыз аралығында Мәскеуде болған.
«22 наурызда ол Саратов қаласына барды. Ал 24 наурызда «Тасқала» шекара бекеті арқылы өткен. Одан кейін Ақсай қаласында үйде оқшауланып отырды. Кеше ғана жедел жәрдемге хабарласты. Бүгін таңертең сынама арқылы одан короновирус инфекциясының анықталғаны расталды», - дейді Арыспаев.
Ал бүгін таңертең коронавирус анықталған 48 жастағы оралдық тағы бір әйел таяуда Атырау қаласына барып келген. Содан, 28 наурызда оның тамағы жыбырлап, дене қызуы көтерілген.