$ 449.3  489.69  4.89

Қосшы ауылында коронавирус індетіне тұтас бір отбасы шалдығып отыр

Еске сала кетсек, 26 наурызда осы ауылда коронавирус жұқтырған 64 жастағы әйел қайтыс болған еді.
фото: informburo.kz
фото: informburo.kz

Елорда іргесіндегі Қосшы ауылында коронавирус жұқтырған 3 адам тіркелді. Олардың бәрі – бір отбасының мүшелері, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Sputnik-ке сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, 26 наурызда осы ауылда коронавирус жұқтырған 64 жастағы әйел қайтыс болған еді. Сол себепті, сайт тілшілері екі отбасының арасында байланыс болған-болмағанын білу үшін Көкшетаудағы жауапты ведомстволарға жүгініп көрген.

Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сүлен Ілиясовтың айтуынша, вирус жұқтырған пациенттер марқұммен емес, елордада тұратын өз туыстарымен байланыста болған.

«Бұл отбасы – 1949 және 1954 жылғы ерлі-зайыпты және олардың 1990 жылғы ұлдары. Барлығы бірге жер үйде тұрады. Бұған дейін үй карантиніне алынған. Олар бұған дейін Нұр-Сұлтанда тұратын туысқанымен араласқан. 26 наурызда елордалық әйелде коронавирус инфекциясы расталды», - дейді 
облыстың бас дәрігері.

Содан олар Көкшетау қаласына жеткізіліп, туберкулезге қарсы диспансер жанындағы инфекциялық стационарға жатқызылған.

Соңғы дерек бойынша, Ақмола облысында індетке шалдыққан 6 адам тіркелген. Облыс стационарларында барлығы 95 пациент жатыр екен. Олардың жағдайы қанағаттанарлық.

Содан кейін Қосшы ауылына карантин енгізілді. Облыстық Тауарлар және қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауылда көшелер, тұрғын үй кіреберістері, аялдамалар, алаңдар мен орындықтарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Көшелерде қозғалыс барынша шектелген. Көптеген нысан жұмысын уақытша тоқтатты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары