Қарағандыға 18 наурызда ұшып келген 6 студенттен коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
Еске сала кетсек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 308-ге жеткен болатын. Мысалы, 30 наурызда сағат 18:50-де жаңа 8 жағдай тіркелсе, соның алтауы Қарағанды облысында анықталған.
«Қарағанды облысының орталығында короновирус жұқтырғандар саны 13-ке жетті. Бүгін инфекция жұқтырған 6 студент анықталды. Олар Қарағанды қаласына 18 наурызда ұшып келген. Рейспен келген барлық жолаушылар бірден карантинге жатқызылды. Пациенттердің жағдайын дәрігерлер қанағаттанарлық деп бағалайды» делінген хабарламада.