Оралда БАҚ қызметкерінен коронавирус табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, «Мой город» сайтына сілтеме жасап.
«29 наурызда әріптесіміз, «МГ» штаттан тыс қызметкерінің (қашықтықтан жұмыс жасайды) коронавирустық инфекцияны жұқтырғаны белгілі болды. Әлия Оралда жарнама жөніндегі менеджер болып, сондай-ақ, Атыраудағы клиенттермен де жұмыс істейді. 24 наурызда ол жеке көлігімен Оралдан Атырауға барған, 27 наурызда үйіне оралған», - делінген мақалада.
Қыздың айтуынша, 28 наурыз күні таңертең дене қызуы күрт көтеріліп, әлсіздік пайда болған.
«Мұның коронавирустық инфекцияның белгілерінің бірі екенін түсініп және мен де Атырауда вирус жұқтырып алуым мүмкін деген оймен 1406 телефонына қоңырау шалып, жағдайымды айттым. Маған олар 103-ке звондаңыз деді. Мен солай жасадым және операторға жеке көлігіммен ешкіммен байланыспай бара алатынымды айттым. Олар маған провизорлық госпиатальға барыңыз деді. Сол жерде сынама тапсырдым, нәтижесі оң болып шықты», – дейді Әлия.
«Мой город» ақпарынша, науқас қазір есеңгіреп қалған, оның жағдайын өзі туралы жеке мәліметтің таралып кеткені қиындатып жіберген. Ол прокуратураға арызданып, дәрігерлік құпияның таралуына кінәлілерді жазалауды талап етпек.
«Мой город» редакциясы атап өткендей, ол кеңседе соңғы рет 20 наурызда болған және одан бері әріптестерінің ешқайсысымен байланыста болмаған. Бұған дейін хабарланғандай, Батыс Қазақстан облысында коронавирусты жұқтырудың жалпы 2 жағдайы тіркелген еді. Соның бірі – осы «Мой город» сайтының қызметкері.