$ 494.87  520.65  4.91

Президент сырқаттарды сабырға шақырды және бүгін тағы 2 адам жазылып шықты

«31 наурызда коронавирус індетінен Нұр-Сұлтан қаласынан 1 адам және Алматы қаласынан 1 адам емделіп шықты» делінген ДСМ мәліметінде.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тікелей эфирдегі маңызды мәлімдемесінде еліміздің коронавирусты жеңіп шығатынына сенім білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Өмір бәрімізді оңайға түспейтін жағдайға қалдырғанын түсінемін. Бірақ, коронавирус эпидемиясы – уақытша құбылыс. Біз міндетті түрде оны жеңеміз. Елдің бірлігі, ынтымағы барлық қиындықты еңсеру жолында сенім береді», - деді ол.

Сонымен қатар, президент коронавирус жұқтырған азаматтарды сабырға шақырды.

«Коронавируспен ауырған азаматтарға қолдау білдіргім келеді. Уайымдамаңыздар! Бұл ауру қанша қауіпті дегенмен, жанқиярлық үрейлі емес. Одан жазылып кетіп жатқандар бар. Біз – мемлекет пен қоғам сіздерге көмектесу үшін қолымыздан келгенше аянып қалмаймыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оған қоса, Денсаулық сақтау министрлігі бүгін тағы да індетті іргемізден аулақтатуға деген үміт отын жылт еткізіп, Қазақстанда коронавирустан айыққан азаматтардың саны 24-ке жеткенін хабарлады.

«31 наурызда коронавирус індетінен Нұр-Сұлтан қаласынан 1 адам және Алматы қаласынан 1 адам емделіп шықты. Қазақстан бойынша жалпы жазылғандардың саны 24-ке жетті» делінген ДСМ мәліметінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары