$ 446.49  475.38  4.79

Түркістан облысында індетке шалдыққан алғашқы науқас Жетісайға Нұр-Сұлтаннан барған

«Мәліметке сай, 27 наурыздан бері қызуы көтеріліп ауырған. Ауруханаға 30 наурыз күні қаралған», - дейді облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов.

Кеше Түркістан облысында алғашқы індетті жұқтырған науқас Жетісай ауданының тұрғыны екен. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов facebook парақшасына жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, шалғай ауданның тұрғыны өңірге Павлодар-Қызылорда бағытындағы пойызбен жеткен.

«Коронавирус жұқтырған азамат Түркістан облысы Жетісай ауданының тұрғыны болып шықты. Мәліметке сай, 27 наурыздан бері қызуы көтеріліп ауырған. Ауруханаға 30 наурыз күні қаралған.

Науқас 21 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласынан Павлодар-Қызылорда бағытындағы поезбен Қарағанды қаласына тоқтаған. 6 сағат вокзалда отырған ол, ары қарай Петропавл-Қызылорда бағытындағы поезға 22 наурыз күні сағат 6.00-де отырып, 23 наурыз күні Шымкент қаласынан түскен» деп жазды шенеунік.

Тағы оқи отырыңыз: Коронавирус жұқтырған жігіт Шымкентке Нұр-Сұлтаннан автобуспен барған

Содан, Жетісайдың жолына жеке көлікпен шыққан. Әзірге анықталғаны, науқаспен 16 адам қарым-қатынаста болыпты. Оның бесеуі Нұр-Сұлтан қаласында қалған десек, 11-і – Жетісай қаласының тұрғындары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары