Коронавирус індетін жұқтырған тағы 15 адам тiркелдi. Алматы қаласында – 1, Ақтөбе облысында – 1 адам, Атырау облысында – 6, Қызылорда облысында – 6 адам, Қарағанды облысында 1 адамнан анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ресми дереккөзге сілтеме жасап.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 219 адам, Алматы қаласында – 116 адам, Қарағанды облысында – 32 адам, Ақмола облысында – 23 адам, Атырау облысында – 24 адам, Жамбыл облысында – 28 адам, Шымкент қаласында – 14 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 5 адам, Алматы облысында – 10 адам, Ақтөбе облысында – 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 25 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 3 адам, Қызылорда облысында – 37 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам, Түркістан облысында – 28 адам, Қостанай облысында – 1 адам, жалпы 584 науқас тіркелді.
Айта кетсек, бүгін, 5 сәуірде Шымкенте тағы бір адамның қауіпті вирустан көз жұмғаны белгілі болды.