Ресей Ғылым академиясының академигі, вирусолог Виталий Зверев осындай мәлімдеме жасады. Бұл туралы ол «Ресей-1» телеарнасындағы «60 минут» бағдарламасында айтқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, РИА Новостиге сілтеме жасап.
«Бұл вирус адам өміріне бүгінге, ертеңге, жазға немесе күзге дейінгі уақытқа келген жоқ екенін түсінгеніміз дұрыс. Ол біраз уақытқа немесе мәңгіге қалуы мүмкін. Жер шарының 70 пайызы осы ауруға шалдығуы ықтимал», - деді маман.
Вирусологтың сөзіне сенсек, коронавирусты жұқтырушылар саны ресми есептен көп болуы мүмкін. «Біз тұмау және аденовируспен өмір сүрген сияқты, өмірімізді бұл инфекциямен де бірге жалғастырамыз» -деді ол.
Сондай-ақ, маман АҚШ-тағы коронавирус инфекциясы мен тұмаудан қайтыс болғандардың көрсеткішін салыстырып көрген. Айтуынша, биыл АҚШ-та тұмау індеті өте жай өткенмен, америкалықтар жаңа коронавирустан гөрі, сол тұмаудан көбірек қайтыс болған көрінеді.