$ 441.66  475.14  4.86

Үш мегаполисте салынып жатқан ауруханаларға қанша қаржы бөлінгені белгілі болды

Елордада жұмыстарды аз уақытта аяқтау үшін 300-дей құрылысшы күндіз-түні үш ауысымда жұмыс істеп жатыр.
фото: Almaty.tv
фото: Almaty.tv

Коронавируспен күресті күшейту мақсатында елде жылдам салынатын үш аурухананың құрылысы басталды. Елорда мен Алматыдағы емханаларға 5 жарым миллиард теңгеден, ал Шымкенттегі ауруханаға 3,8 миллиард бөлінген, деп хабарлады КТК телеарнасы.

Айта кетсек, Нұр-Сұлтандағы аурухана құрылысы 5 сәуірде басталған. Жоспар бойынша, сәуірдің 20-на дейін бітуі тиіс. Ол 200 орынға шақталады. Жұмыстарды аз уақытта аяқтау үшін 300-дей құрылысшы күндіз-түні үш ауысымда жұмыс істеп жатыр.

Шекара жабық болғандықтан, отандық құрылыс материалдары ғана пайдаланылмақ. Ауруханаларда карантин, қарқынды терапия, жан сақтау бөлімдері болады. Қауіпті кеселдің беті қайтқан күні емдеу мекемелері кәдімгі режимде басқа дертке шалдыққандарды қабылдаумен айналысады.

«Алматы мен Шымкент қалаларында құрылыс жұмыстарын бастадық. Алматыда – 280 орындық, Шымкентте – 200 орындық аурухана», - деді Құрылыс материалы зауытының бөлім басшысы Әділхан Адат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары