$ 439.43  473.31  4.82

Алматыдағы әскери дала ауруханасын Малаховтың өзі АҚШ-тікінен асыра мақтады (ВИДЕО)

«Міне, ішінде керемет сұлулық бар», - деді ол экранда көрсетілген бейне үзіндіде. Сондай-ақ, Малахов аурухана өте қысқа мерзімде ұйымдастырылғанын да атап өтті.

Танымал ресейлік тележүргізуші Андрей Малахов коронавирус тақырыбы талқыланған кешкі эфирдің бірінде Қазақстаннан түсірілген кадрларды көрсетті. Кадрда Алматы маңындағы әскери дала ауруханасы түсірілген. Бұл бағдарламаның трансляциясы 7 сәуірде «Россия-1» телеарнасында өтті, деп хабарлайды Stan.kz.

Журналист америкалық дәрігерлердің жұмысын жағымсыз бағалады. Ол әскери дала госпиталіндегі шатырларды сынады. Cодан кейін Алматы маңында түсірілген кадрларды көрсетіп, бұл ауруханада барлығы өте жақсы ұйымдастырылғанын атап өтті. Шатырлардың ішкі безендірілуін жоғары бағалады.

«Міне, ішінде керемет сұлулық бар», - деді ол экранда көрсетілген бейне үзіндіде. Сондай-ақ, Малахов аурухана өте қысқа мерзімде ұйымдастырылғанын да атап өтті.

Денсаулық сақтау министрлігінде көрсетілгендей, бұл аурухана Тараздан Алматыға ауыстырылды. Оны тұрғызуға 72 сағат қажет болды. Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус жұқпасының 709 жағдайы тіркелген. Ал ресейлік тележүргізуші көрсеткен АҚШ-та 400 мың адам ауру жұқтырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары