$ 494.87  520.65  4.91

«Тәні саудың – жаны сау»: Мәдениет және спорт министрлігі дене шынықтыру челленджін бастады (ВИДЕО)

Өзінің қандай да бір спорт түрімен шұғылданып жатқанын көрсетпеген министр ханым нені «бірге еңсеретінін» әркім өзінше топшылап алар десе керек, шолақ қайырған ұранында «жаман аурудың» аты да, карантин де, дағдарыс та атап айтылмады.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Мәдениет және спорт министрлігі «Тәні саудың – жаны сау» атты челлендж бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ведомствоның facebook парақшасына сілтеме жасап.

«Құрметті достар! Мәдениет және спорт министрлігі «Тәні саудың – жаны сау» атты жаңа акцияны бастады. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған челленджді Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласының әкімдіктеріне, Білім және ғылым министрлігіне, сондай-ақ, барлық спорт ұйымдарына жолдаймыз», - делінген минисртлік жазбасында.

Хабарлама бейнероликпен расталып, онда Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова: «Құрметті достар! «Тәні саудың – жаны сау» демекші, салауатты өмір салтын ұстанып, бірге еңсерейік! Біз біргеміз! Алға, Қазақстан!» - деп сөз бастаған.

Өзінің қандай да бір спорт түрімен шұғылданып жатқанын көрсетпеген министр ханым нені «бірге еңсеретінін» әркім өзінше топшылап алар десе керек, шолақ қайырған ұранында «жаман аурудың» аты да, карантин де, дағдарыс та атап айтылмады.

Одан кейін боксшы Серік Сәпиев, тағы басқа да мәдениет пен спорт саласы өкілдерінің өз үйлерінде дене шынықтырып жатқандары көрсетілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары