$ 498.34  519.72  4.85

Екеуінің жағдайы, біреуінің аяғы ауыр: Алматыда тағы 15 медицина қызметкері індетке шалдықты

Жалпы, екі күннің ішінде бір ауруханадан вирусты 27 медицина қызметкері жұқтырғаны тіркелді.
фото: Almaty.tv
фото: Almaty.tv

Алматыда 12 сәуірде №12 ауруханада COVID-19 вирусын жұқтырған 15 медицина маманы анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Жалпы, екі күннің ішінде бір ауруханадан вирусты 27 медицина қызметкері жұқтырғаны тіркелді. Олардың қатарында дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкері және тағы басқа мамандар бар.

Тағы оқи отырыңыз: «Адам саны ресми цифрдан да көп болуы мүмкін»: Алматыда бір ауруханада 20 дәрігер індетке шалдыққан

Полисегментарлық пневмонияға байланысты екеуінің жағдайы ауыр деп бағаланса, тағы біреуі жүкті болған. Қалғандарының денсаулығы қанағаттанарлық жағдайда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары