$ 494.87  520.65  4.91

Жетісайда коронавирус анықталған 20 адамның бірі – сол індеттен қайтыс болған науқастың әйелі

Қазір жалпы Түркістан облысы бойынша 9 аудан-қалада коронавирус жұқтырған 49 науқас ем қабылдауда.
фото: otyrar.kz
фото: otyrar.kz

Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 49 адамға жетті. Өңірдегі шалғай орналасқан Жетісай ауданында 20 адамның осы індетке шалдыққаны анықталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар штабының мәліметінше, соңғы тәулікте Жетісай ауданының Асық ата ауылында 1980 жылы туған тұрғынның қауіпті вирусты жұқтырғаны расталған. Ол COVID-19 инфекциясымен ауыратын науқаспен жақын байланыста болған.

Сондай-ақ, 1956 жылы туған жетісайлық әйелден коронавирус инфекциясы анықталған. Оның 4 сәуір күні қайтыс болған Жетісай қаласы тұрғынының зайыбы екені белгілі болды. Қазір жалпы Түркістан облысы бойынша 9 аудан-қалада коронавирус жұқтырған науқастар ем қабылдауда.

«Барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда. Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр » делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары