$ 494.87  520.65  4.91

Министр мамырдың соңына дейін індет жұқтырғандар 3500 болады десе, бас санитар 4 мыңға жетеді дейді

«Қазіргі таңда біз өршу кезеңіндеміз. Біздің мақсатымыз – апталық өсу қарқынын 5 пайызға дейін, одан кейін 1 пайызға дейін азайту», - деді Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағанбетова.

Денсаулық сақтау министрлігінің барлық қызметкерлері коронавирустық инфекцияға тест тапсырды. Бұл туралы министрліктің ресми өкілі айтты. Оған себеп, министрдің бұрыңғы орынбасары Камалжан Надыровтан COVID-19 анықталды, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Бұдан бөлек, елде 800 эпидемиолог дәрігердің тапшылығы сезілген. Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай қиындаған соң, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев отставкаға кету туралы өтініш білдірген.

Кеше Үкімет қаулысымен Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров қызметінен босатылып, осы орынға келіп еді. Алайда, түнде жаңа басшының кеселді жұқтырғаны белгілі болып, астанадағы ауруханаға жатқызылған. Осыған орай, Тілеухан Әбілдаев әзірге қызметінде қала бермек.

«Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен бірнеше қызметкерлер ғана жұмыс істеуде. Осы жағдайдан кейін олардың барлығы ПЦР тестінен өтті. Ол тестің қортындысын жариялайтын боламыз қосымша», - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

Алматыда коронавирусқа шалдыққандардың саны 700-ге жуықтады. Оның 400-дейі – медицина қызметкері. Алматының бас санитарлық дәрігері қызметіне жайғасқан Жандарбек Бекшин бүгін осыны айтты. Ол ауырып жатқандардың арасында зейнеткерлердің көптігін жеткізді.

«Короновирустан 15 мектеп оқушысы, 40 студент, шекара қызметінің 67 курсаныты, 38 шетел азматы емделуде. Науқастардың көпшілігі – медицина қызметкерлері мен зейнеткерлер», - деді Жандарбек Бекшин.

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, қазіргі кезең – вирустың өршуіне қолайлы уақыт. Бүгін елде індетті жұқтырғандар 8 пайызға өскен. Ауруханада КВИ-ден емделушілердің 21-нің жағдайы ауыр болса, 6 адамның өмірі қыл үстінде.

«Қазіргі таңда біз өршу кезеңіндеміз. Біздің мақсатымыз – апталық өсу қарқынын 5 пайызға дейін, одан кейін 1 пайызға дейін азайту. Мамыр айынан кейін инфекция жоқ болып кетпейді. Ол бұдан кейін де тіркелуі мүмкін. Сондықтан профилактикалық шараларды тұрақты сақтау қажет», - деді Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағанбетова.

Тағы оқи отырыңыз: «Вируспен өмір сүріп үйрену маңызды»: Біртанов карантин ұзартылуы мүмкін екенін ескертті

Республика бойынша аты жаман дертке шалдыққандардың саны 2100-ге жақындады. 500-ден астам адам сауығып шықса, 19 адам қайтыс болды. Ал Айжан Есмағанбетова вирусты жұқтырғандардың саны сәуір айының соңына дейін 2700-ге, мамырдың аяғында 4000-ға жетуі мүмкін деді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары