$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысында сәбидің коронавирус жұқтырғаны анықталды

Қазіргі таңда облыс бойынша Жетісай ауданында – 20 адам тіркелген (оның ішінде 1956 ж азамат 4 сәуір күні қайтыс болған).
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

23 сәуірдегі мәліметке сәйкес, Түркістан облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны тағы да 7 азаматпен толығып, облыста жалпы 74 науқас тіркелді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Түркістан облысы әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Созақ ауданы, Таукент ауылының 1980 ж. тұрғынынан коронавирус инфекциясы расталды. Ол Ресей Федерациясынан 15 сәуірде Қарағанды қаласына келіп, ары қарай Алматы қаласына барған. 21 сәуір күні Алматыдан Созақ ауданына келген. Сондай-ақ, Созақ ауданы, Созақ ауылының 1992 ж. тұрғыны мен осы ауданның Құмкент ауылының 2020 ж. туған сәбидің COVID-19 індетіне шалдыққаны белгілі болды.

Бұдан бөлек, Түркістан қаласының 1983 ж., 1990 ж., 1992 ж. 1997 ж. тұрғындарынан да вирус анықталды", - делінген Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз хабарламасында. 

Аталған азаматтар коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен жақын байланыста болған.

Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда.

Қазіргі таңда облыс бойынша Жетісай ауданында – 20 адам тіркелген (оның ішінде 1956 ж азамат 4 сәуір күні қайтыс болған).

Арыс ауданында - 17, Кентауда - 6, Мақтаралда - 4, Ордабасы - 4, Сайрамда - 3, Сарыағаш ауданында - 5, Түркістан қаласы - 6, Созақ ауданы – 5, Бәйдібек ауданы мен Қазығұрт ауданында 2 науқастананықталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары