АҚШ-тағы Миннесота университетінің ғалымдары коронавирус пандемиясы екі жылға созылуы мүмкін екенін болжады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы "Хабар 24"-ке сілтеме жасап.
Мамандардың айтуынша, жер бетіндегі халықтың үштен екісі осы вирусты жұқтырып, одан айығып кетпегенше, індетті бақылауға алу мүмкін емес.
Ал ауру белгісі байқалмайтын адамдардың кесірінен COVID-19 тізгінде ұстау одан сайын қиындай түспек.
Жалпы, ғалымдардың сөзінше, коронавирустың таралуы әлі де қайталануы ықтимал. Сондықтан мұндай жағдайға тыңғылықты дайын болу керек дейді олар.
Айта кетейік, Джонс Хопкинс университеті ұсынған мәліметке сай, бүгінде әлемде 3 миллионнан аса адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Вирус жұқтырғандардың басым бөлігі АҚШ, Испания және Италия елдерінде анықталған.