$ 498.34  519.72  4.85

Қарағанды облысында коронавирустан қайтыс болған ер адам 19 күн бойы ем алған

14 сәуір күні ол COVID-19 коронавирустық инфекциясымен, екі жақты пневмония диагнозымен ауыр халде Нұр-Сұлтан қаласының ауруханасына ауыстырылды.
фото: karaganda-region.gov.kz
фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды облысында 3 мамырда коронавирустық инфекциядан тағы бір өлім тіркелді. Ол 19 күн бойы ем алған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Қарағанды облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

"1958 жылы туған Шахтинск тұрғыны 5 сәуірде пневмония диагнозымен провизорлық госпитальға түсті. 14 сәуір күні ол COVID-19 коронавирустық инфекциясымен, екі жақты пневмония диагнозымен ауыр халде Нұр-Сұлтан қаласының ауруханасына ауыстырылды.

Ер адам 19 тәулік бойы ем алды. Дәрігерлер науқастың өмірін арашалап қалу үшін қолдарынан келген бар әрекетті жасағанына қарамастан, 3 мамырда науқас қайтыс болды", - делінген ресми  хабарламада.

Қарағанды облысында COVID-19 жұқтырудың 154 оқиғасы анықталды, оның ішінде екеуі өліммен аяқталған және 68 адам емделіп шықты. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары