Шымкентте коронавирус инфекциясынан тағы 11 адам емделіп, ауруханадан шығарылды. Бұл науқастар вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, қалалық төтенше жағдай штабының мәліметіне сүйене отырып.
Сонымен, қауіпті вирусты жеңіп шыққан бұл науқастардың жас шамасы – 6-74 аралығында. Дәрігерлер оларды емдеу барысында аса асқынулар болмағанын мәлімдеді.
«Емдеу терапиясынан кейін науқастардан анализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсеткен. 3 мамыр күні 11 науқас ауруханадан шығарылған. Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 49 науқас дертінен айығып шықты», - делінген хабарламада.
Соңғы мәліметке сүйенсек, қазір еліміз бойынша індетке шалдыққан 3920 адам бар. Ал жазылып шыққан науқастардың жалпы саны 1084-ке жетті десек, оның 49-ы осы Шымкент қаласынан болып отыр.