$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында коронавирус жұқтырған жүкті әйел 3 баласымен жазылып шықты

Олар онда 21 күн жатып, қажетті емнің барлығын қабылдаған.

Бүгін Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында коронавирус індетінен жазылған жүкті әйел 3 баласымен бірге ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір аяғы ауыр әйелдің де, балаларының да жағдайы жақсы дейді аудандық аурухана дәрігерлері. Олар онда 21 күн жатып, қажетті емнің барлығын қабылдаған.

Жалпы, аудандық көпсалалы аурухана ішінен ашылған инфекциялық станционарға коронавирус жұқтырған 52 науқас түскен болатын. Бүгінгі уақытта 24 адам бұл індеттен құлан таза айығып, шаңырақтарына оралды. Жазылып шыққан азаматтар дәрігерлерге ризашылықтарын білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары