08.05.2020, 15:00

Қосшы, Қоянды ауылдарында бір кәсіпорын жұмысшыларының балалары коронавирусқа шалдыққан

фото: exclusive.kz
Аталған азаматтармен байланыста болған адамдарды анықтау үшін санитарлық-эпидемиологиялық тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ақмола облысындағы Қоянды мен Қосшы кентіндегі балалалардан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Жедел штабқа сілтеме жасап.

Жалпы, қазір облыс бойынша вирус жұқтырған 3 адам анықталған. Солардың бірі – Ақкөл ауданының 1976 жылғы тұрғыны. Ол өзіне дейін коронавирус жұқтырған адаммен жақын қарым-қатынаста болған.

Қалған екі адам Целиноград ауданында тіркелді. Олардың бірі 2010 жылғы қыз бала, Қосшы ауылынан. Ол да вирусты жұқтырған адаммен байланыста болған. Әкесі – Нұр-Сұлтан қаласында кәсіпорын қызметкері. Екіншісі – Қоянды ауылынан, 2014 жылғы ұл бала. Үй карантинінде болған. Бұл сырқат дерегі де Нұр-Сұлтан қаласындағы аталған кәсіпорынмен байланысты.

Аталған азаматтармен байланыста болған адамдарды анықтау үшін санитарлық-эпидемиологиялық тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауру ошақтарын зарарсыздандыру жұмыстары қолға алынған.

Бүгінде облыс стационарларында 256 емделуші жатыр. Олардың 17-сі – провизорлық стационарда, 225-і – карантиндік стационарда, 14-і – жұқпалы аурулар стационарында. 718 адам үй карантині режимін сақтап отыр.