$ 444.22  476.38  4.82

Коронавирус: БҚО-да індетке шалдыққан соңғы 5 науқастың төртеуі Ресейден келген

Екеуі Түркістан облысының 41 және 45 жастағы азаматтары болса, біреуі – 20 жастағы шымкенттік, тағы біреуі – 45 жастағы оралдық тұрғын.

Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған соңғы бес науқастың төртеуі Ресейден келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабынан алынған мәліметке қарағанда, төртеуі де – Ресейде жұмыс істейтін қазақстандықтар. Екеуі Түркістан облысының 41 және 45 жастағы азаматтары болса, біреуі – 20 жастағы шымкенттік, тағы біреуі – 45 жастағы оралдық тұрғын.

Саратов облысымен шектесетін «Тасқала» автоөткелінен өткен кезде денсаулықтарына шағымы болмағанмен, алгоритмге сәйкес жедел жәрдем шақырылып, карантиндік стационарға жатқызылған.

Сондай-ақ, коронавирус Орал қаласының 34 жастағы тұрғынынан анықталып отыр. Ол бұрын ауырған адаммен қарым-қатынаста болған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен бесеуінде де COVID-19 диагнозы расталып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, науқастармен байланыста болғандар медициналық бақылауға алынды. Осылайша, БҚО-да сырқаттанғандар саны 249-ға жетіп, соның 96-сы емделіп шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары