Қытайлық ғалым әрі вирусолог, профессор Чжун Наньшань "Хуаньцюван" порталына сұхбат бергенде коронавирустың неліктен қауіпті екендігі туралы және одан қалай қорғану керектігін айтып берді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, хабарлайды РИА Новости дерегіне сілтеме жасап.
Маманның айтуынша, SARS-CoV-2 маусымдық тұмау мен MERS коронавирусымен салыстырғанда өте тез тарайды екен. Сондықтан да "оның қаупі зор" деп отыр. Жаңа инфекциядан қорғану үшін алдын ала шараларды қабылдап, вирусты дер кезінде анықтап, уақытылы оқшаулану керек.
Сондай-ақ дәрігер індеттен ертерек жеке қорғану шараларына тоқталды. Олар: бетперде тағу, қолғап кию, қолды жуу, көпшілік ортада белгілі қашықтықты сақтау. "Себебі, коронавирус бірінші кезекте тікелей жанасу арқылы және беттер арқылы беріледі", - деп түсіндірді Наншан.