Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков коронавирус жұқтырып, ем алып жатқанын растады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ТАСС-қа сілтеме жасап.
Ол «Шынымен коронавирус жұқтырдыңыз ба?» деген сұраққа: «Иә, сырқаттанып қалдым. Емделіп жатырмын», - деп жауап берді.
Бұған дейін «Незыгарь» Telegram-арнасы президенттің баспасөз хатшысының коронавирус жұқтыруы мүмкін екенін хабарлаған. Айта кетсек, Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрлігінің басшысы Владимир Якушев және Мәдениет министрі Ольга Любимовадан коронавирус анықталған.
Мишустин 30 сәуірден бері медициналық мекемеде дәрігерлердің бақылауында жатыр. Дәрігерлер оның жағдайы қалыпты екенін айтты.