Денсаулық 13.05.2020 сағат 11:00

Пандемия кезінде темекі шеккен пайдалы ма? - маман жауабы

Темекі шегушілерде иммундық жүйенің төмендеуі мен өкпе тіндері зақымдануының салдарынан ауру көбіне пневмонияның дамып, әрі қарай аурудың ауыр түріне дейін өршитіндігі дәлелденді.
Пандемия кезінде темекі шеккен пайдалы ма? - маман жауабы
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Дүние жүзі бойынша коронавирустың таралуы әртүрлі мифтердің пайда болуына себеп болды. Олардың бірі темекі шегетін адамдардың жұқпалы аурулармен ауырмайтындығы туралы миф. Бұған Қытай провинцияларының бірінде жұқтырғандардың аздаған санының деректері негіз болды, олардың көбі темекі шекпейтіндер қатарына жататындығы туралы айтқан, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ күндізгі стационарының терапевт дәрігері Гаухар Кожакееваның сөзіне сүйене отырып.

ДДҰ мәліметтері бойынша, Жер шарының 7,5 млрд. тұрғынының шамамен 1 миллиарды темекі шегушілер. The TobaccoAtlas америкалық бастамашылар тобының аналитиктері жыл сайын темекі тұтынушылар 5,7 млрд сигарет шегіп, шамамен 1 млн тонна темекі тұқылын шығарып тастайды деген ақпарат береді. Олар тонналап шығарылып жатқан темекі тұқылдарының тек қана қоршаған ортаға ғана емес, сонымен қатар адамдарға да зиян келтіретіндігі, өйткені олардың целлюлоза ацетатынан тұратындығы және жалпы табиғи жағдайда ыдырап кетпейтіндігі туралы фактілерді ұсынды.

Темекі ағзаға белсенді сіңірілетін көптеген заттардан тұрады. Денсаулық үшін иіскейтін темекі де өте қауіпті. Оған басты айналдыратын құрғақ снафф жатады. Қоспа көз қарашығын ұлғайтып, реакцияны арттырады.

Темекінің негізгі құрамы – никотин. Ол психикалық белсенді қасиеті бар және адамды үнемі тәуелділікке әкелетін алкалоидтан тұрады. Шеккен кезде шөп никотиннен басқа: шайыр, бензопирен, радиоактивті темірлер (полоний-210, кадмий, қорғасын), тұншықтырғыш газ, формальдегид, нитрозаминдер, көгерткіш қышқылы секілді көптеген улы заттарды қоздырады. Олар темекі түтінінде де болады және ағзаға түсіп жиналады.

Әлемдегі өлімнің басты себептерінің арасында темекі шегу екінші орынды алып отыр. Бұл ретте жер жүзінде адам өлімін болдырмау факторларының арасында темекі шегу жетекші орында деп есептеуге болады. Зиянды әдет адам өмірін 10-14 жылға қысқартады.

Никотин бүкіл ағзаға теріс әсер етеді. Бұдан ең алдымен тыныс алу жүйесі зардап шегеді. Темекі түтіні ауыз қуысы сілемейін, жұтқыншақты, көмейді ушықтырады. Осының салдарынан темекі шегушіні үнемі жөтел қысады. Темекі шегуші бронхитпен жиі ауырады. Никотиннен тістің эмалі бұзылып, оның маңайындағы тіндердің қабынуы туындайды. Никотин, шайыр және басқа да канцерогендер адам ағзасында қатерлі ісіктің дамуына алып келеді.

Жалпы, темекі шегу адамның барлық ағзасы мен жүйесіне, оның ішінде жүрек-қантамыр, ас қорыту, репродуктивті, зәр шығару жүйесі мен көру органдарына кері әсер етеді. Барлық ағзалар мен жүйелердің зақымдануы көптеген ауруларға, оның ішінде инсульт, ерін, тіл, жұтқыншақ, өңеш, өкпе обыры, пародонтит, стоматит, ӨСОА, стенокардия, қолқа аневризмасы, шашыранды склероз, миокард инфаргі, гипертония ауруы, атеросклероз, асқазан және ұлтабардың ойық жарасы, гастроэзофагеальды рефлюкс, остеопороз, бедеулік, импотенция секілді ауруларға әкеледі.

Темекі шегу иммундық жүйеге қатты соққы береді де, бұл кез келген инфекцияның, оның ішінде жаңа коронавирус инфекциясының ағымына да кері әсер етеді .

Темекі шегушілерде иммундық жүйенің төмендеуі мен өкпе тіндері зақымдануының салдарынан ауру көбіне пневмонияның дамып, әрі қарай аурудың ауыр түріне дейін өршитіндігі дәлелденді. Сондықтан темекі шегу адамды коронавирусты жұқтырудан сақтайды деген пікір түпкілікті дұрыс емес, керісінше, аурудың ауыр ағымының болу қаупі мен өлім қаупінің қосымша факторы болып табылады.

Қазіргі таңда коронавирус пандемиясы жағдайында темекі шегу аурудың асқынуларына әсер ететіндігін, аурудың нәтижесі қауіпті жағдайларға әкелетіндігін дәлелдейтін деректер бар. Яғни, бұл сигарет, кальян, вейптерді шегу адамды коронавирустан аман сақтап қалады деген пікірге сенуге болмайды.

Керісінше, темекі шегу денсаулыққа зиян әкелетіндігін естен шығармау керек! Мүмкін, қазір темекіден бас тарту – бұл денсаулықты түзету және инфекциялық аурулардан, оның ішінде коронавирус инфекциясынан қорғану жолындағы қадам деген медицина қызметкерлерінің кеңесіне құлақ асып, темекі тартатын халықтың көп бөлігі ойланар деп үміттенеміз.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар