$ 494.87  520.65  4.91

ҚР ДСМ референс-зертханасы коронавирусқа қатысты 10 мың тест өткізді

Референс зертхананың негізгі міндеті - референстік, арбитраждық, верификациялық зерттеулер жүргізу және үлгілерді қайта тестілеуден өткізу.
Фото: Skifnews.kz коллаж
Фото: Skifnews.kz коллаж

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының референс - зертханасы коронавирусқа қатысты 10 мың тест өткізді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Вирустық инфекцияларды бақылау референс–зертханасы бүгінгі күнге дейін COVID-19-ға шамамен 10 000 зерттеу жүргізді. Зертхананың тәуліктік қуаттылығы 300 үлгіні құрайды және өткізу қабілетін тәулігіне 3000 үлгіге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. 

Референс зертхананың негізгі міндеті - референстік, арбитраждық, верификациялық зерттеулер жүргізу және үлгілерді қайта тестілеуден өткізу.

Референс зертханада COVID-19 зертханалық диагностикалау үшін верификацияланған тест-жүйелер, нәтижелерді растау үшін - ДДСҰ валидацияланған жиынтықтар пайдаланылады.

Сонымен қатар референс-зертхана Тұмау бойынша ұлттық орталық болып саналады және ДДСҰ-мен, сондай-ақ ТМД елдеріндегі Тұмау ұлттық орталықтарымен ынтымақтастықты дамыту жұмыстарын белсенді атқарады. Бұдан басқа зертхана мамандары республикадағы COVID-19-ға тест жүргізетін зертханаларға ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді, сондай-ақ әртүрлі инфекциялар бойынша сапаны сырттай бағалаудың Ұлттық бағдарламасын жүзеге асырады. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары