Нұр-Сұлтанда «Қазмедиа орталығы» ғимаратында карантиндік шаралар енгізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«18-20 мамыр аралығында «Қазмедиа орталығы» ғимаратындағы (Қонаев, 4) телеарнаның 200-ге жуық қызметкері Covid-19-ға тексерілді. «Еуразия» арнасының 2 қызметкерінен коронавирус анықталды. Олар стационарда. Телеарнаның жұмысы эпидемияға қарсы режимге ауыстырылды. Арна басшылығы қызметкерлерді барынша қашықтан жұмыс істеу режиміне көшіруі қажет», - делінген хабарламада.
Осы орайда, 22 мамыр мен 7 маусым аралығында «Қазмедиа орталығы» ғимаратында қатаң шектеу шаралары енгізілді.