$ 446.49  475.38  4.79

Алматы облысында биыл туған нәрестеден де коронавирус анықталды

24 мамырдағы жағдай бойынша, Алматы облысында коронавируспен ауырғандардың жалпы саны 284 болды.
фото: 24.kz
фото: 24.kz

Бүгін Алматы облысында тағы 6 адам коронавирусқа шалдықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Талдықорған қаласы, Ескелді және Талғар аудандарының әрқайсысында 2 фактіден анықталды. Пациенттер 1950, 1989, 1989, 1995, 1996, 2020 жылы туған.

Оның төртеуі – бұған дейін вирус жұқтырғандармен байланыста болғандар, қалған екеуінің сырқаты профилактикалық тексерілу барысында белгілі болды.

Сырқаттардың барлығы оқшауланып, қазір инфекциялық бөлімге ауыстырылған. Эпидемиологиялық зерттеу жалғасуда. 24 мамырдағы жағдай бойынша, Алматы облысында коронавируспен ауырғандардың жалпы саны 284 болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары