$ 494.87  520.65  4.91

АҚШ Қазақстанға тағы да 1,5 млн доллар ақша бөледі

Соңғы 20 жыл барысында Құрама Штаттар Қазақстанға 2 миллиардтан астам доллар бөлді, соның ішінде 86 миллионнан астам доллар туберкулез (ТБ) және АИТВ сияқты індетті аурулардың тарауын болдырмайтын қызметтерге қолжетімділікті арттыруға бағытталған медициналық көмекке жұмсалды.
фото: egemen.kz
фото: egemen.kz

COVID-19 пандемиясына кешенді төтеп беру аясында АҚШ үкіметі АҚШ халықаралық даму Агенттігі (USAID) арқылы қосымша 619 миллион теңге (1,5 миллион АҚШ долларын) бөлетіні жөнінде мәлімдеді. Бұл туралы Қазақстандағы АҚШ елшілігі мен консулдығы хабарлайды.

Ағымды мезетте USAID Қазақстанға COVID-19 пандемиясына төтеп беруіне төтенше көмек көрсету мақсатымен жаңа қаржыландыру ретінде шамамен 3,11 миллион АҚШ долларын ұсынды. Бұл көмек Қазақстанның COVID-19 індетумен күреске жұмсаған күш салуына септігін тиігізетін Індеттерді бақылау Орталықтарымен 660 млн теңге (1,6 млн АҚШ доллары) сомасында денсаулық сақтаудың өзге салаларына ұсынылатын өзге көмекке қосымша түрде беріледі. 
USAID бұл қосымша қаражатты зертханалар мен денсаулық сақтау қызметкерлерінің COVID-19 таралуымен күрес және оны тежеу бойынша әлеуеттерін күшейту мақсаттарында жұмсалатын болады.

Ертеректе мәлімделген USAID Агенттігінің Қазақстандағы бағдарламасының қаржыландырылуымен қатар кең ауқымды тестілеуге арналған зертханалық жүйелер әзірленіп, пациенттердің ауру жұқтырулары жағдайларын есепке алу жетілдіру барысында. Оған қоса, бұл бағдарламалар COVID-19 таралуын тежеуге және жалған ақпараттың таралуын болдырмауға көмектесу мақсатымен тұрғындардың осал таптарына нақты ақпарат бере отырып, жергілікті қауымдастықтармен бірлесіп жұмыс атқарады. 

Соңғы 20 жыл барысында Құрама Штаттар Қазақстанға 2 миллиардтан астам доллар бөлді, соның ішінде 86 миллионнан астам доллар туберкулез (ТБ) және АИТВ сияқты індетті аурулардың тарауын болдырмайтын қызметтерге қолжетімділікті арттыруға бағытталған медициналық көмекке жұмсалды. USAID көптеген дәрілерге төзімді туберкулезді емдеуге, диагностикалауға және болдырмауға бағытталған қызметті қолдап, аса жоғары тәуекел деңгейіндегі тұрғындар топтары үшін АИТВ/ЖИТС болдырмау және емдеу қызметтерін кеңейту бойынша еңбек етуде. Осы қорлар ауруларға барынша бейім адамдардың өмірлерін сақтап қалып, қорғап, денсаулық сақтау мекемелерін құрып, қауымдастықтардың барынша нығаюына септігін тигізді.

Дереккөз: Baq.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары